Махаббат жасқа қарамайды. Иә, мына жұлдызды жұптар осы сөздің растығын дәлелдеп берді.
Харрисон Форд және Калиста Флокхарт
Жас айырмашылықтары – 22 жыл.
2010 жылы тойлары болды. Оған дейін екі жас 8 жыл қол ұстасып қыз-жігіт болып жүрген екен. Актерлер 2002 жылы өткен «Алтын глобус» шарасында танысқан. 2009 жылы өздерінің махаббат күні болып саналатын әуле Валентин күнінде Флокхарт ғашығына ұсыныс жасайды. Бүгінде Форд пен Флокхарттың Лайам есімді асыранды балалары бар.
Брюс Уиллис және Эмма Хемин
Жас айырмашылықтары – 23 жыл
62 жастағы Брюс Уиллис 2009 жылдың наурызында 35 жастағы модель Эмма Хемингпен үйленді. Бүгінгі таңда жұптың екі қыздары бар.
Дональд Трамп және Меланья Трамп
Жас айырмашылықтары – 24 жыл
АҚШ-тың бүгінгі президентінің жары Меланья Тармп басшының алғашқы әйелі емес, үшіншісі. Екеуі бас қосқанда Дональд Трамп 58-де болған, ал Меланья 34-те.
Герцогиня Альба және Альфонсо Диес
Жас айырмашылықтары – 24 жыл
Әлемдегі ең ықпалды әйел қарапайым мемелкеттік қызметкер Альфонсо Диес Карабантеске тұрмысқа шықты. Жігіт әйелден 24 жасқа кіші болды.
Неке қию салтанатына тек достары мен жақын туыстары қатысты. Өсек-аянға қарамастан Каэтана балалары арасында мұра қалдыру жөнінде өсиет толтырды. Алайда Альфонсо ешқандай дүниенің керек емес екендігін айтқан.
Герцогиня 2014 жылы өмірден озды.
Макйл Дуглас және Кэтрин Зета-Джонс
Жас айырмашылықары – 25 жыл
Эммануиль Макрон және Брижит Тронье
Жас айырмашылықтары – 25 жыл
Францияның бүгінгі президенті Макрон болашақ жарын 15 жаста болғанда жолықтырған. Брижит Макрон оқыған мектепте мұғалім еді, ал Макрон оқушы болған. Әйелдің қызы да оның болашақ күйеуі оқыған мектепте оқушы еді.
Алек Болдуин және Хилария Болдуин
Жас айырмашылықтары – 26 жыл
Болдуин 29 жастағы йога үйретушісіне 2012 жылы үйленді, бүгінгі таңда екі жастың 3 баласы бар.
Селин Дион және Рене Анжелип
Жас айырмашылықтары – 26 жыл
2016 жылы Селин Дионның күйеуі Рене қатерлі ісіктен қайтыс болады.
«Оның өмірден өткені мен үшін өте ауыр соққы болды. Мен сүйген, мен құшағыма басқан адам күн сайын көз алдымда сөніп бара жатты. Мен күйеуімнен өзгені сүйген емеспін. Сүймеймін де», деген бір сұхабтында Селин.
Рене Анжелил екеуі 1980 жылы танысқан, ол кезде қыздың жасы небәрі 12-де, ал жігіт 38-де еді. 8 жыл қыз бен жігіт болып араласып жүрген жұп 1994 жылы 17 желтоқсанда некелерін қиды.
Олег Табаков және Марина Зудина
Жас айырмашылықтары – 30 жыл
Табаков болашақ әйелімен 1986 жылы танысты. Әйелі Олег Табаковтың шәкірті болған. Ұстаз бен шәкірттің арасындағы роман 10 жылға созылды. 10 жылдан соң тойларын жасап, екі баланың ата-анасы атанды.
Патрик Стюарт және Санни Озелл
Жас айырмашылықтары – 37 жыл
«Х адамдары» фильміндегі Ксевье 36 жастағы джаз әншісі Санни Озеллдің жүрегін жаулап, екеуі отау құрады.
Бари Алибасов және Виктория Максимова
Жас айырмашылықтары – 40 жыл
Бари Алибаев 5 мәрте некеде болған, алтыншы некесін актриса Виктория Максимовамен қиды. 206 жылы екі жастың Иван есімді ұлдары дүниеге келді.
Иван Краско және Наталья Шевель
Жас айырмашылықтары – 60 жыл
Иван мен Наталья 2015 жылы үйленді. Бұлардың да хикаясы өзгелерге ұқсас. Краско институтта сабақ берп жүргенде, Наталья оның студенті еді.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру