Котар синдромы: Тірі өлікпен болған сұхбат

/uploads/thumbnail/20170710082208796_small.jpg

Бір күні Грехем ұйқыдан тұрғаннан кейін өзінің ағзасында түсініксіз өзгеріс болғанын сезгендей болады. Сосын бірден дәрігерге қаралады. Оның айтуы бойынша, иісті де дәмді де сезбейді. Ол ешкіммен сөйлесіп, көңіл көтергісі келмейді.

Дәрігерлер бұның Котар синдромының алғашқы белгілері екенін білмеген. Сондықтан Грехэмге дәрігерлер аса сеніңкірей қоймады.  Алайда бір қызығы жігіттің миы өлген болса да ол жүре алады, сөйлей алады. Аталған синдром өте сирек кездеседі және өте қауіпті болып саналады.

Грехем өзінің миы өлгеніне сенімді және де миын өз қолымен өлтірген. Мен күйзеліске түсіп кетіп, жуынатын бөлмедегі электр құралдарын қолданып өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ аман қалыпты.

«Болған жағдайды түсіндіру өте қиын. Мен өз миымды тоқ көзі арқылы өлтіргеніме сенімдімін. Мен миымның өлгенін сезіп тұрмын. Бірақ сіздерге түсіндіре алмаймын»,- дейді тірі өлік адам.

Дәрігерге барып осы оқиғаны баяндап бергенде олар сене алмаған. Олардың айтуы бойынша, егер Грехэмнің миы өлген болса ол жүру былай тұрсын сөйлей де алмайтын еді.

Бұл сөздерден жалыққан Грехэм невролог Адам Земанмен кездеседі. Бұл Катар синдромы деп аталады. Бұл дертке шалдыққандар қатты күйзеліске түсіп кетеді немесе тамақ жеуді ұмытып, қайтыс болады.

Қазір Грехэмге ағасы қамқор болып жүр. Грехэмді толық тексеруден өткізген. Оның миы ұйықтап жатқан адамның миы секілді екенін белгілі болды. Бірақ сонда да ол қозғала алады. Бұл ғажап қүбылыс. Грехэмге психотерапиялық көмек көрсетіліп жатырр. Оның жағдайы бұрынғыдан жақсарды. 

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар