Рим папасы Трампты суық қабылдады

/uploads/thumbnail/20170710082216937_small.JPG

Дональд Трамппен Рим папасының кездесуі небәрі  жарты сағатқа созылған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.  Рим папасы өзін салмақты ұстаған, тіпті жымимаған да.

Әзірге екеуара кездесуде не мәселе талқыланғаны белгісіз. Сол жерде болған БАҚ өкілдерінің айтуынша Рим папасы Трамппен қол алысқанда салқынқандылық танытқан.  Осыған Трамп қатты қапаланғаны байқалған. Ол  «Бұл үлкен құрмет» деп айтқан. Трамппен бірге кездесуге оның жұбайы Меланья мен қызы Иванка барған.

Еске сала кетейік, сайлауалды кампаниясы кезінде Рим папасы Трамты қатты сынға алған. Оның себебі Трамптың Мексика елімен шекара орнатуды ұсынуы болды. Рим папасы нағыз христиан мұндай әрекетке бармайды деп оны сөккен болатын.

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар