Қазақстан Эболамен күресуге дайын

/uploads/thumbnail/20170708154905813_small.jpg

Қазақстанда Эбола қызбасының табиғи ошақтарының тамыр жаюы және эпидемиялық таралуы үшін ешқандай жағдайлар жоқ. Nur.kz-тің жазуынша, бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев мәлім етті.

"Қазақстанда Эбола қызбасының табиғи ошақтарының тамыр жаюы және эпидемиялық таралуы үшін ешқандай жағдайлар жоқ. Егер қандай да бір қауіп төне қалса, біздің медициналық мекемелеріміз вирусты жұқтырған адамды дереу анықтап, оны оқшаулап, емдеуге дайын тұр", - деп хабарлаған комитет төрағасы журналистерге. Комитет төрағасының айтуынша, елімізге шетелдерден Эбола вирусының кіріп кетпеуін қамтамасыз ету үшін қажетті санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар кешені жасалған. Шекаралардағы барлық өткізу аумақтарында санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген.

300909

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, 10 қазандағы жағдай бойынша Эбола вирусын жұқтырған 8399 адам тіркелген. Олардың 4033-і қайтыс болды. Бұл аурудың нақты емі әзірге табыла қоймады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар