Қазақстанда Түркі Академиясы құрылды

/uploads/thumbnail/20170708154925191_small.jpg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі Академиясын құру туралы Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Келісімге сай, тараптар Түркі академиясын түркітілдес мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің қолдауымен халықаралық ұйым ретінде құрады. 

 2012 жылдың 23 тамыз күні  Бішкекте Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің кеңейтілген құрамындағы отырысы кезінде Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия  өкілдері Түркі академиясын құру туралы келісімге қол қойды. Келісімде  академия Астанада құрылады деп көрсетілген болатын.

Естеріңізге салатын болсақ, 2009 жылдың 3 қазан күні Әзірбайжанның Нахчыван қаласында өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Түркі әлемін зерттейтін арнайы орталық құруды және  Түркі академиясын құруды ұсынған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар