Гонконг полициясы шерушілерге тағы күш көрсетті

/uploads/thumbnail/20170708154924473_small.jpg

Гонконг полициясы бүгін демократиялық нормалардың сақталуын талап еткен шерушілерге аймақ басшысының кеңсесі маңындағы маңызды жолды жаптырмау үшін көзден жас ағызатын газ шашты. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Гонконг басшысы кеңсесіне жақын Ван Чай ауданындағы полицияның штаб-пәтеріне жүздеген адам жиналып, 15 қазанда қақтығыстарда полицияның шерушілерді соққыға жыққанына қарсы шағым жазуға кезекке тұрған. Гонконгте екі аптадан аса уақытқа созылған шерулерге 100 мың адамға дейін қатысқан жағдайлар тіркелді. Қазір ол көрсеткіш біртіндеп азайған.

Негізінен студенттер мен Occupy Central деп аталатын ұйымға қатысушылардан тұратын наразылар биліктен 2017 жылға белгіленген жергілікті әкімшілік басшысын сайлаудың еркін болғанын талап етеді. Ресми Пекин болса жергілікті сайлауға кандидаттарды орталық билік өзі іріктегені дұрыс деп санайды.

Hong-Kong-Reisen1

Естеріңізге салатын болсақ, 1842 жылы Ұлыбритания иелігіне өтіп кеткен Гонконг 1997 жылы ҚХР-ға қайтарылған болатын. Алайда, Гонконг билігі Қытайлық басқарау жүйесінен тыс дербес өмір сүріп келді.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар