Головкин қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді

/uploads/thumbnail/20170708154940934_small.jpg

АҚШ-тың Калифорния штаты, Карсоне қаласында WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WBC нұсқасының уақытша чемпионы 34 жастағы мексикалық Марко Антонио Рубионың арасындағы жекпе-жек аяқталды. Біздің отандасымыз екінші раундта қарсыласын есінен таңдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Головкин өзінің кәсіби рингтегі 31-ойынындағы 31-жеңісін көрсетті. Оның 28-і нокаутпен аяқталды. Бір айта кетерлігі, салмақ өлшеу барысында Рубионікі 73,4 келіні көрсетіп, талапқа сай келмеді. Негізі аттары аталып отырған боксшылардың салмағы 160 фунт, яғни 72,6 келіден аспауы керек еді. Ал Головкиннің салмағы - 72,1 келі болған. Осы үшін Рубионың ақысын 450 мыңнан 350 мыңға дейін кесіп тастаған. Қазақстандық боксшы жеңіспен аяқтаған бұл ойыны үшін өзінің спорттық мансабындағы ең көп сыйақы - 1 миллион долларды алады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар