Ең жас суррогат ананың УДЗ нәтижесі халықты таңқалдырды

/uploads/thumbnail/20170710102636451_small.jpg

Шанис Стерди суррогат ана бола алатынын білгенде, басқа отбасыға көмектесуге шешім қабылдайды. Басқа отбасыларға бақыт сыйлағысы келді.

Бірнеше жылдан кейін Шанис ер баланы дүниеге әкеледі. Шанис өз арманына қол жеткізіп,  21 жасында Ұлыбритания еліндегі ең жас суррогат ана атанады.

Джонна мен Стив атты ерлі-зайыпты Шанисқа суррогат ана болуын өтінеді.Шанис еш ойланбастан келісімін береді.

Ерлі-зайыптылар Шанисті Лос-Анджелес қаласындағы емханаға барып, ота жасатқызады. Ота сәтті аяқталады және сол жерде емделу үшін барлық шығынын көтереді.

Шанисті бірінші рет УДЗ –ға барып түсіргенде, бір ғана бала емес екеу екенін айтады. Бұны естіген Стив пен Джонна екі балаға арнап киімдер ала бастайды.

 Шанис босанғанда дүниеге екеу емес, үш баланы дүниеге әкеледі, оның екеуі қыз, біреуі ұл. Шанис еш қиындықсыз үш баланы дүниеге әкелген. Джонна мен Стив бірінші рет суррогат анаға көмектесуін өтінген және бұндай оқиға болады деп еш ойламаған.

 Бүгінде үш сәбидің денсаулығы жақсы. Шанис балаларды көріп тұрады және Джонна мен Стивпен жақсы араласады. Шанис Джонна мен Стивке сәби сыйлағанына қуанышты.

Дайындаған: Ақнұр Мұхтархан

Қатысты Мақалалар