Іштегі баланың кемтар екенін білсе де түсік жасатпаған отбасы қуанышқа кенелді

/uploads/thumbnail/20170710102627233_small.jpg

Cәби сүю-үлкен бақыт. Алғашқы сәбиді дүниеге әкелер сәтте аналар әртүрлі күйді бастан кешіреді. Туыстары ұл немесе қыз екеніне болжам жасаса, ата-анасы баланың амандығын тілейді.

Сара Хеллер мен Крис Эйдам АҚШ-та тұратын отбасылық жұп. 7 ай бұрын Броди есімді сәбидің ата-анасы атанған. Жүктіліктің 14-ші аптасында баланың жетілуінде бір ақаулық бар екенін білген.

УДЗ қорытындысы баланың аузы мен таңдайында екіжақты жырық бар екенін көрсеткен. Сара мен Крис естіген жаңалықтан есеңгіреп қалады, бірақ қойылған диагнозды барынша қалыпты қабылдайды. Жасанды түсік жасатуға бармайды.

Аузы мен таңдайындағы жырық баланың дамуы барысында  да бір қалыпқа түспеген.

Статистика бойынша жыл сайын АҚШ-та 2 650 сәби қасқыр ауызды болып дүние есігін ашады. Қоян ауызды болып  4 400  сәби дүниеге келеді. Бұл балалар көптеген ем қабылдай жүріп су мен ас ішуге бейімделеді.

Сара мен Крис ұлдарының суретін әлеуметтік желілерге жиі жүктеп отырады екен. Бір күні таныс емес адамдардың сан сауалы Сараның ашуына тисе де, өзін-өзі ұстап байыппен түсіндіргенін айтты.

Бір күні Сара құрбыларымен кездесуге Бродиді өзімен бірге алып барған. Аздан соң даяшы майлық алып келген. Майлықтың ішінен әйел бір түбіртекті көреді. Қараса әйелге $1 000 тарту етіпті. Ішінде : «Керемет сәби үшін» деген жазу бар екен.

Күтпеген сыйлық ананы үлкен қуанышқа бөлеген. Медециналық шығындды төлеуге жәрдем еткен. Соңғы операция 3 қаңтар күні жаслаған. Нәтижесінде сәбидің ерні, аузы қалыпқа келтірілген. 9-12 айдың ішінде емді толықтай қабылдап болады.

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар