20 жыл бұрын орманға көшіп кеткен ерлі-зайыптылардың өмірі қалай өзгерді?

/uploads/thumbnail/20170710102809812_small.png

90-жылдарың басында Наумкиндар отбасы қиын жағдайды бастан өткерген. Дағдарыс кезеңінде музыка пәнінің мұғалімі мен суретші ерлі-зайыптылар тек өздеріне ғана сенім арта алатындарын түсінген. Олар орманға тұруға шешім қабылдайды да, өздерінің күндерін ауыл шаруашылығы арқылы көруге бел байлайды. Осы орманда олардың Оджан есімді ұлдары дүниеге келеді.

Бұл отбасы туралы жақында ғана белгілі болды. Оджанның ата-анасы ұлдарын қалаға жіберген. Ол қайтып келген кезде әке-шешесі «бізді іздеме» деп жазылған хат қалдырып кеткен екен. Сол кезде қалалық прокуратураға жүгінген ол өзінің тіпті  құжаттары жоғын аңғарған. Алайда арада біраз уақыт өтіп Оджанның ата-анасы қайтып келген. Осы оқиға журналистердің қызығушылығын тудырған.

Журналистерді қонақ еткен Оджан орманда тұрса да сырт келбеті келісті жабайылықтың ешқандай да белгісі жоқ.

Отбасы дәл осы жерде тұрып жатқандарына екі жыл болыпты. Оджанның айтуынша бұл олардың екінші үйі. Бұрын Алтай Республикасында тұрған. «Үй шаруасымен айналысамын, бақшамыз бар. Көкөністерді өсіреміз. Содан соң қалаға апарып оларды сатамыз. Әкем сурет салады. Оны да сатамыз. Осыдан түскен қаражатқа өмір сүреміз»-дейді жігіт.  Жас жігіт кітап оқиды, сурет салады.

Отбасы тақтайлардан жасалған жылытылған жер үйде тұрады. Үйде электр тоғы жоқ. Алайда орман тұрғындары ұялы телефондарын қалаға шығып қуаттап алады, пошталарын да тексеріп тұрады екен.

Бұл үйде барлығы қолдан жасалған. Электр тоғы жоқ болса да бұл отбасы радио тыңдайды. Сол арқылы жаңалықтар мен ауа-райын біліп отырады.

Заманауи әлемнен бұл отбасы алыстап кеткен жоқ, Наумкиндар отбасы қалаға жақындары мен достарына бары тұрады, олар да орман тұрғындарына қонақтайды.

Оджанның ата-анасы ителлегентті және білімді азаматтар. Олар тек шиеленісі көп қарбалас ұаладан шаршап тыныштықты аңсаған. Сөйтіп орманда тұруға шешім қабылдайды. Елена 47-де музыка пәнінен мектепте сабақ берген. Ал Александр 58-де шығармашылық адамы, эзотерикалық кітаптардың авторы.

Оджан ата-анасының көзқарастарына түсіністікпен қарайды. «Адам -өзінің еңбегі арқасында өмір сүру керек»-дейді. Елена мен Александр табиғат аясындағы жалғыздыққа үйреніп қалса да, болашақта қалаға жақын ауылды жерде тұруды жоспарлап отыр. Қартайған шақта орманда тұрудың пайдасынан гөрі қиындығы көп дейді орман тұрғындары.

 

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар