16 жастағы Глазго тұрғыны Эми Томпсон достарымен қыдырғанды қатты ұнататын. Студент қыз әр демалысын түрлі кештерде өткізетін. Сондай кештердің бірінде жасаған қателігі оның өмірін түбегейлі өзгертеді деп ол еш ойламады.

Қазір ол мүгедектер арбасына танылған. Оның жақындары Эмми ерте ме, кеш пе бұрынғы қалпына келеді деген үмітте.

Қазір Эмми көңіл көтеретін орындарға баратындай жағдайда емес. Ол екі жыл комада жатты. Енді ғана есін жиып, бала секілді қайта жүруді, сөйлеуді үйреніп жүр. Дәрігерлер оның бұрынғы қалпына қайта келмеуі мүмкін екенін ескертеді. Қандай жағдай да сауығы процессі ұзаққа созылатыны анық.

Эммидің туыстары басқа адамдар да осындай сұмдықты бастан кешірмеуі үшін Эммидің оқиғасын жариялап отыр.
Куәгерлердің сөзінше, барлығы кішкентай дәрілерден басталған. Эмми құрбыларымен кештердің бірінде есірткі саудалайтын адамнан дәрі сатып алады.
Жарты сағаттан кейін төрт қызды жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізеді. Эммидің құрбылары тез сауығып кетті. Ал Эммидің жағдайы оңалмады. Студен қыз комаға түсті.

Дәрігерлер оның оянбауы мүмкін екенін айтқан. Алайда Эмми есін жиды. Есірткі оның миына қатты зақым келтірген.
Енді қыз қалыпты өмірге қайта оралуына көп уақыт қажет.
Шолушы: Сабина Рамазан