Ресей президенті Владимир Путиннің NBC арнасының журналисі Мегин Келлинмен сұхбатын 6,1 миллион американдық көріп үлгерген. Сұхбат АҚШ, АҚШ саясаты мен халықаралық саясат тақырыптары төңірегінде орнаған. Путиннің осы сұхбаты барысында АҚШ саясатын кінәлағаны да белгілі.
Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетел басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Басылымның жазуынша бұл бағдарлама 2016 жылдың наурыз айынан бергі ең танымал эфирге айналған. Журналистің айтуы бойынша Путин сұхбат барысында аса ілтипатты, ізетті болды. Екеура әңгімеміз жақсы жарасты. Ол менен отбасым туралы сұрап, өзі де жеке өмірі туралы айтып берді дейді журналист.
Шолушы: Назерке МҰСА