Венесуэладағы азық-түлік дағдарысының салдарынан балалар аштыққа душар болуда, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ВВС-дің мәліметіне сүйеніп.
Сәуір айындағы есеп бойынша елдегі балалардың 54%-ы асқа жарымай отыр.
Анхели 8 жаста. Оның салмағы 18 келі. Оның салмағы өз жасындағы балалардың салмағынан екі есе аз. Ол Венесуэладағы азық-түлік дағдарысының салдарынна халық тартып отрыған азаптың нақты бір дәлелі. Анхелиге анасы кейде таңғы ас тауып беруге шамасы келсе, кейде тек түскі аспен ғана шектелуде. Оның тыныс алуы күн өткен сайын қиындауда. Дәрігерлер оның себебін салмағының аз болуы және арықтығынан деп отыр.
Жалпы алғанда елдегі балалардың 54%-ы асқа жарымай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарты бойынша кейбір аудандарда гуманитарлық дағдарыс жариялануы мүмкін.
Хермен осындай аудандардың бірінде тұрады. Оның жасы 11-де. Ол да өз жасына сай салмақта емес. Харменнің анасының айтуынша, ол баласы аштықтан көз жұмады.
Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ