АҚШ президенттік сайлауына Ресейдің қатысы бары анықталған құжатты ұрлаған 25 жастағы қыз тұтқындалды

/uploads/thumbnail/20170710102935204_small.jpg

АҚШ-та құпия құжаттарды ұрлаған деген айыппен мемлекеттің Ұлттық қауіпсіздік агенттігі үшін жұмыс істейтін компанияның қызметкері тұтқындалды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

25 жастағы Виннер америкалық Джорджия штатының мемлекеттік органынан құпия ақпаратты алып шығып, журналистерге тапсырған.

Intercept порталы Ұлттық қауіпсідік агенттігінің құпия баяндамасын жариялағаннан кейін Виннерге айып тағылды. Құжаттар Ресейдің АҚШ-та өткен президенттік сайлауына араласуы жайында болған.

Виннер 3 маусымда тұтқындалды. Қызға қарсы айыптар – қорғаныс туралы жинау, аудрау, деректерді жоғалту, деп хабарлайды БАҚ.

Пентагон келісімі бойынша жұмыс істеп жүрген Pluribus халықаралық корпорациясының қызметкері Виннер Джорджиядағы Ұлттық қауіпсіздің агенттігінде ақпан айынан бастап істеген, деп жазады Эн-би-си.

Intercept порталында жарияланғандай құжаттарда АҚШ сайлау алды жүйесінде ресейлік әскери барлау қызметкерлерінің кемінде бір бағдарламаға кибершабуыл жасамақ болғаны анықталған.

Алайда құжатта хакерлердің бұл әрекетінің сәтті аяқталғаны жайында ақпарат жоқ.

Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің файлында берілген ақпараттар 2042 жылдың мамыр айына дейін құпия сақталуы тиіс еді.

Америкалық арнайы қызметкерлер бұдан бұрын Дональд Трамптың жеңіске жетуіне септігін тигізді деп Крмельді айыптаған болатын.

АҚШ президенті аталмыш айыптаулардан бас тартып, мұны БАҚ арасындағы қауесет сөз деп қана бағалады.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар