Барлық ерлер тек мына қасиеті бар қызға ғашық болады...

/uploads/thumbnail/20170710103001298_small.jpg

Біз, әйелдер қауымы үнемі ізденістеміз. Үнемі қоршаған ортаға, адамдарға, қоғамға, ерлерге ұнауға тырысамыз, сол үшін түрлі құрбандықтарға барамыз. Себебі табиғаттан әйел баласы адамдардың ықыласына, назарына тәуелді. Соның ішінде ер адамдардың...

Көп әйелдер жиі бас қатыратын сұрақ «Ер адамдарға қандай әйелдер ұнайды?» екені белгілі. Биік өкше киіп бетіне опа -далап жаққан өзінің бет-әлпетіне ерекше мән беретін қыздар ма? Әлде ер адамдарға нәзік үлбіреген қыздар ұнайды ма? Негізінен алғанда бұлардың бәрі жәй ғана сырт келбетке байланысты дүниелер. Ал сырт келбет- уақытша ғана дүние. Мұнымен көпшілігі келіспеуі де мүмкін. Алайда шын мәнінде әдемлік, сұлулық уақыт өте келе үйреншікті болып кетеді. Сіз оны қаласыңыз да, қаламасаңыз да.
Ер адамдарды ең бірінші орында мына нәрсе қызықтырады. Ол ұзын аяқ, сымбатты тән,тіпті  Джолидің еріндері де емес. Ғалымдар ұзақ уақыт бойғы зерттеулерден кейін бұл сұрақтың жауабын тапты. Ер адамдар «бақытқа» ғашық болады. Бақыт. Иә. Жалпы алғанда ер адамдарды да, әйел адамдарды да қызықтыратын- бақыт. Бақытты адамның жанында болу – ерекше сезім сыйлайды. 
Кез-келген адам табиғатынан өзімшіл. Өзіне серік іздегенде біз ең бірінші жеке басымыздың бақыты мен жағдайын ойлаймыз.  Бақытты адамға қараған кезде, бақытта адаммен сөйлескен кезде біз автоматты түрде сол адаммен бақыты бола алатынымызға көзіміз жетеді. 
Әрине, әр адам бақыт ұғымын әр түрлі қабылдайды. Бақытты адамдар мына қасиеттерге ие:


1.    Бақытты адамға қарап сіз жеңілдікті сезінесіз. Кез-келген болмашы нәрсе үшін көңіл-күйін түсіре берейді. Ол барлық жерде өзін жақсы сезінеді. Өмір сүріп жүгені үшін бақытты. 
2.    Күлімдеп жүреді. Күлімдеген адам әлдеқайда тартымды көрінеді. Адамдарды да өзіне жақындатады. 
3.    Адамдарға жақсы қарым-қатынас сыйлайды.  Позитивтілік, өзгелермен жақсы қатынас орнату бақытты адамның белгісі.
4.    Тек өзі туралы ғана емес, барлығы туралы пікір білдіріп, қуанышқа бөлете алады.
5.    Өзгелер көрген жаманның жақсылығын көре алады. Ауа-райы нашар ма? Ол проблем ал бақытты адам үшін  күннің салқындығы мен боран керемет ерекше құбылыс болуы мүмкін. 


Ер адам да солай. Табиғи инстинкт бізді өзімізді бақытты ете алатын адамға жетелейді. Бақытты адам -ол өзіне сенімді адам, өмірді сезінетін, өзін де, адамдарды да қаз қалпында қабылдаған адам. Ешкімнен кінә іздемейтін, өзінің кемшілігін қабылдап оны түзеуге тырысатын адам. Бақытты адамның жанында сіз де өзіңізді 100% бақытты сезінетіңізге кепілдік беремін.

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

 

Қатысты Мақалалар