Атлант Кеңесінде сөз сөйлеген АҚШ-тың вице-президенті әлемдік қауіптердің алды ретінде Ресей, Иран, және терроризмді атады. Сондай-ақ, Майкл Пенс АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарына аталмыш қауіптермен күресуге көмектесуге дайын екенін айтты, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Сонымен қатар, КСРО құлыдрағаннан кейін әлемнің әлде қайда қауіпті болғанын да тілге тиек етті.
«Ресейдің халықаралық шекараларды шектеуінен бастап, Таяу Шығыстағы Иран әрекетінен терроризм қаупіне дейінгі мәселелерді алып қарасақ, коммунизм құлағаннан кейінгі заманды қауіпті деп атауға болады».
Пенстың айтуынша, бүгінгі және ертеңгі қауіптің алдын алу үшін НАТО міндетті түрде даму керек. Ал қауіптердің алдыңғы қатарында терроризм тұр дейді.
Шолушы: Гүлім Жақан