Әйелі көз жұмғаннан кейін 6 баланы жалғыз тәрбиелеген әкенің өмірінде күтпеген жағдай болды

/uploads/thumbnail/20170710103032517_small.jpeg

31 жастағы Антон Кудрявцев алты баланы жалғыз өзі тәрбиелеген. Оның өмірінде қайғылы жағдай болды. Оның әйелі қатерлі ісіктен көз жұмды.

Антон мен Аняның үш баласы бар. Аня қатерлі дертке шалдыққанда жүкті еді. Аня үшемнің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін құрбан етті.

Журналистер Антон туралы сюжет көрсеткеннен кейін, оған елдің түкпір-түкпірінен хаттар келе бастады.

Кейбірімен Антон кездесіп жүрді. Алайда бірінші кездесуде-ақ отбасылық өмірге дайын ба, өзгенің баласын бауырына баса алады ма деген сұраққа жауап іздейтін.

Толассыз келіп жатқан хаттың ішінде Людмила есімді әйелден де хат келіп түсті. Оның жазғаны бірден ер адамды баурап алды. Люданы бір баласы бар екен. Бастапқы кезде хат алмасып жүріп, кейінірек екеуі кездеседі. Антон кездесуге балаларын ертіп барады. Люданы көрген балалар оны бірден ұнатып қалады.

Бірнеше уақыт өткеннен кейін Антонның ғашығы ол туралы естімей тұрып түс көргенін айтады. Ол түсінде жеті баланы тәрбиелеп отырғанын көрген. Келесі күні Антон туралы сюжет көргеннен кейін тағдырдың өзі белгі бергендей көрінгенін айтады. Антон мен Люда үйленді.

Олар сауықтыру орталығына көмектесетін. Онда үйсіз жүргендерді, нашақорлар мен ішімдікке салынғандарды жатқызады. Сондай емделушілердің бірі қайтыс болады. Оның екі баласы бар еді.  

«Біз Антонмен ойланып, бұл балаларға бізден басқа ешкім көмектеспейтінін ескеріп, екі баланы асырап алдық» дейді Людмила.

Балаларына қарау үшін Люда сүйікті жұмысынан шығып кетті. Оның сөзінше, бұл оның өміріндегі ең қиын сәттердің бірі болды. Қазір Люда күнде таңғы 6.30-да тұрады. Күніне екі рет 5 литр сорпа дайындайды.

Отбасының жеке шаруашылығы бар. Ал Антонның жөндеу жұмыстарымен айналысатын тобы бар.  

Дайындаған: Сабина Рамазан

 

Қатысты Мақалалар