Анасы ұлының мектеп бітіру кешіне арнап 3 тонна құм мен түйе сыйлады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710103057221_small.jpg

 Ұлының мектеп бітіру кешін Дубайда ұйымдастырмақ болған Филадельфия тұрғыны «Дубайды» АҚШ-қа әкелуге тырысты. Анасы баласының салтанатты кешіне түйе мен 3 тонна құм және бірнеше көлікті жалдаған, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz мәліметіне сүйеніп.

Саудия Шулердің ұлы мектеп бітіру кешіне 3 арумен келген. Бұған қоса ол кеш бойы үш рет киім ауыстырып, жұртқа түрлі костюмдарын көрсетіп мақтанған. Анасы ақшасының шашылғанына еш өкінбейді екен. Шулердің айтуынша, ол жақында ғана қатерлі ісік ауруынан айығып шыққан. «Қолымнан келсе, балам үшін естен кетпейтін керемет кеш ұйымдастырып беремін деп өзіме сөз бергенмін», – дейді америкалық әйел.


 Шолушы: Альмира АСЛАНОВА
 

Қатысты Мақалалар