Париж орталығында террорист полицейге шабуыл жасады

/uploads/thumbnail/20170710103641945_small.jpg

Оқиға Францияның астанасында Париж Құдайанасының соборында орын алған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Известия-ға сілтеме жасап. Белгісіз ер адам полицейге балғамен шабуыл жасап оған зақым келтірген. Құқық қорғау органдары шабуылдаушыға оқ жаудырған. Қылмыскер жарақаттанған соң полиция оны ұстап алған. Орын алған оқиға террористік әрекет ретінде бағалануда. Шабуыл барысында собордың ішіндегі адамдарға қауіп төнгендіктен олар біраз уақытқа дейін сыртқа шыға аламаған.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар