Павлодар соты ер адамды қызына зорлық жасады деп айыптап, кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Сот отырысы жабық түрде өтті.
Павлодарлық ер адам 2012 жылдан 2016 жылға дейін өзінің үйінде туған қызын зорлықпен төсек қатынасына жығып келген.
Әкесі қызы 7 жасқа толғаннан оң оған тиісуін астаған. Тек 12 жасқа толғаннан кейін ғана қыз әкесінің барлық іс-әрекетін айтып беруге бекінген.
«37 жастағы ер адамды 15 жыл бас бостандығынан айырып, жазасын колонияда қатаң режимде өтеуге үкім шықты», - деп мәлімдеді сот баспасөз қызметі.
Шолушы: Назерке Лабихан