Аты аңызға айналған Джеки Чан Қазақстанға ұшып келді, де хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы АҚ басшысы Ерлан Карин өзінің Instagram парақшасында жазған болатын.
Әйгілі актерді Астана әкімі Әсет Исекешев әуежайдан өзі күтіп алды.


2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр. Бұл шара барысында алты толықметражды фильм, соның ішінде қытай жұлдызының "Кунг-фу Йога" фильмі де көрсетіледі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, Чан фильм көрсетілімдеріне де қатысады.


Айта кетсек, бүгін Джеки Чанның қатысуымен Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты болады.
Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ