Өлім аузында жатқан ер адам мақсатына жетіп, Эверсеті бағындырды

/uploads/thumbnail/20170710103824243_small.jpg

Бірнеше ай ғана өмірі қалды деген ер адам тауды бағындыруға бел байлайды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Лондондық 47 жастағы Йан Тутхилл қатерлі ісікке шалдығады. Өліміне бірнеше ай қалған ер адам Эвересті бағындырды. Таудың шыңын бағындыру үшін Йан 20 күн жұмсап, 5 маусымда мақсатына жетті.

Шеффилд қаласында туған Йан жергілікті «Шеффилд уэндсей» футбол клубының жанкүйері болған. Ал өміріндегі ең соңғы саяхатына ер адам өзі жанкүйер болған футбол клубының қарсыласы «Шеффилд юнайтед» командасының туын алып шықан. Ер адамның айуынша, мұндай өтінішті Йанның экспедициясы үшін 1000 фунт стерлинг жұмсаған «Юнайтед» командасының жанкүйері айтқан.

«Бұл жерде көңіл аударарлық дүние жоқ. Қатерлі ісікке шалдығып, өлетін күнін санап жүрген «Шэффилд уэндсей» футбол клубының жанкүйері Эверест шыңында қарсылас команданың туын ұстап тұр», деп жазды тауды бағындырғын Йан өзінің Твиттердегі парақшасына.

Өлім аузындағы альпинистің арманын орындау үшін 700-ге жуық адам  атсалысқан.   

«Мен Эверестке қатерлі ісікпен күресіп жатқан адамдар үшін шықтым. Сол күрестен жеңіліс тауып, бүгінде дүниеден өткен адамдардың туыстары үшін шықтым», деп жазылған енді бір жазбасында.

Би-би-си радиосына берген сұхбатында Йан Тутхилл «өмірде бәрі мүмкін екенін дәлелдеуге» уәде берді.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар