Көкек ана жаңадан туған сәбиін арыққа тірідей көміп, өзі тығылып қалған

/uploads/thumbnail/20170710103837197_small.jpg

Ош облысы Ноқат ауданы, Толман ауылында көкек ана жаңа туған сәбиін арыққа көміп, өзі бой тасалап, тығылып қалған.

Белгілі болғандай, сәбидің денесін ауыл тұрғындары тауып алыпты.

«4 маусым күні шамамен кешкі 18:40-та Толман ауылында бір ана сәбиін босанып, оны арыққа көміп кеткен. Сәбидің оң қолын иттер кеміріп, жеп тастаған. Қазір бұл іске қатысты іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы экспертиза тағайындалып, анасын іздестіріп жатыр», - деп мәлімдеді ІІБ. 

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар