93 жастағы әжей үйлену тойына шарқ ұрып көйлек іздеп жүр (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710103853181_small.jpg

Кез келген қалыңдық тойында мінсіз болуды қалайды. Той алдында анасы мен құрбысынан, жақын достарынан ақыл сұрайды.

93 жастағы әжей де үйлену тойының алдында қандай көйлек таңдасам екен деп шарқ ұрып жүр.

Сильвия Мартин өзінің ескі танысы, әрі ғашығы Фрэнк есімді ер адамға тұрмысқа шықпақ. Үйлену тойында ең сұлу қалыңдық болу үшін түрлі дүкендерді аралап, көйлек іздеуде.

Сильвия көпшіліктің пікірін білу үшін Фейзбук желісіне суреттерін жүктейді. Суретте түрлі көйлек киіп түскен әйел көпшіліктің дұрыс пікір білдіретініне сенімді болады.

Фрэнк пен Сильвия қарттар үйінде тұрады. Фрэнк Сильвияға бұрын да үйленуге ұсыныс жасаған. Алайда әйел өзінің марқұм күйеуіне жасалған сатқындық болар деген оймен ұсыныстан бас тартып келген.

Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар