«Синий кит» ойынының орнына «Розовая Фея», «Собачий кайф» және тыртық қалдыру квесттері пайда болды

/uploads/thumbnail/20170710103907853_small.jpg

«Синий кит» ойынының орнына «Розовая Фея», «Собачий кайф» және тыртық қалдыру квестері пайда болды

Бүгінде жасөспірімдердің арасында арты өлімге алып келетін ойындар кеңінен тарап кетті. Көктемде бәрі «Синий кит» деген ойыннан кейін өздеріне қол жұмсаса , бүгінде украиндық балалар «Розовая фея» мен «Собачий кайф» ойындарына қызуғышылық білдіруде деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі

Балалардың атышулы ойындармен ойнап атаққа ие болғысы келсе, тыртық арқылы өзгелерді ғашық қылдырмақшы екені белгілі болды

«Розовая фея»

12 жастағы өспірімдерге арналған «Синий кит» тектес «Квест Феи Винкс» ойыны өз аудиториясын тез жинады. Бұл ойынға іліккендердің көбісі қыздар. Әрине, әр кішкентай қыздың арманы – мейірімді және әдемі перизат болу. Бұл ойын компьютерлер мен планшеттерде де бар. Бір қарағанда, сүйкімді, әдемі, еш зияны жоқ перизаттардан жамандық күтпейсің. Бірақ, квестке іліккендер қаншама? Ойынның бірінші тапсырмасы: терезеге жақындап, төменденде не тұрғаның айтып беру. Ал соңғы тапсырмасы: түнде бәрі ұйқтап жатқанда оянып, керуетінді 3 рет айналып, дуаны айту. Кейін ас үйге барып, сіріңкені жандырмай, газды қосып әрі қарай ұйықтау. Таңертең перизат болып ояну үшін барлық шарттарды орындауы тиіс. Бәрі  балаларды бұл үлкен құпия екеніне сендіруден басталады.

Тыртық қалдыру

Украинаның жасөспірім қыздарында денелерін нешетүрлі тыртықтармен безендіру сәнге айналды. Балалар тыртық қалдыруды татудан қарағанда әлдеқайда күшті екенің айтады. Лезвиямен, пышақпен тілімделген жерлері бар бала, өз ортасында ерекшеленіп, батылдықтын белгісін көрсетеді. Қыз балалар тыртықтарды жігіттерді өзіңе қарату үшін жасайды екен. Олардың түсінігі бойынша: егер менде тыртық болса, мені нағыз батыл, есейген қыз деп ойлайды дейді.

«Собачий кайф»

Тыртық қалдырудан басқа 9-12 жас аралықтағы балаларда  танымал үрдістердің біріне айналған "өзіне физикалық ауырлық көрсету"  тәсілдерді де бар. Мысалы: «Собачий кайф», өзін шарфпен қылқындыру және өзге адам қабырғаға тақап, кеуденді бар күшімен итеру деген секілді. Мақсаты: талып қалу кезінде «басқа өмірді көру» және «астралға кіру». Осындай ойындармен ойнап көрмеген бала өз қатарластарының арасында «лузер» деген атаққа ие болады.

Шолушы: Альмира АСЛАНОВА

Қатысты Мақалалар