Американдық Bioquark компаниясы осы жылы алғаш рет өлген адамдарды тірілтуге бағытталған ота жасамақшы. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік басылымға сілтеме жасап хабарлайды. Бұл ота жетілмеген жасушалар негізінде жасалатын болады. Мұндай бағыттағы ота Латын Америкасында жанаурларға жасалған екен. Bioquark компаниясы Филадельфиялық ұйым. Құрама штаттарда мұндай ота жасауға рұқсат бере қою екі талай болса да, компания өз кезегінде «мидың өлімі қайта қалпына келмейтін нәрсе емес» дейді. Компанияның басшысы жақында әлемді жетілмеген жасушалардың дамуы негізінде үлкен өзгерістер күтіп тұр дейді.
Ғалымдар «өлім» ұғымын мидың өлуі деп түсінеді. Болашақта қайта тірілту ота түрінде емес миды қайта жүктеу арқылы жүзеге асатын болады дейді. Және бұл мәселе жоба бастап жүзеге аспақ.
Шолушы: Назерке МҰСА