Тергеу комитеті әлеуметтік желіде бір топ оқушы қыздардың өз құрдастарын аяусыз соққыға жыққан сәттегі видеосы пайда болғаннан кейін тексеріс жұмыстарын жүргізуді бастаған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі НТВ арнасына сілтеме жасап.
Мәскеулік бір топ оқушы қыздар өздерінің бір таныс қызына бесеу болып жабылып, оны аяусыз соққыға жықты. Видеода көрініп тұрғандай аталмыш оқиға орын алған жерде басқа да қыздар тұрған, сонымен қатар, біреулері оларды видеоға түсіріп тұрған.
Бақылап тұрғандар соққыға жығылған қызға болысудың орнына, керісінше, одан сайын қыздарға «Ұр! Теп!» деп ұран тастаған.
Соққыға жығылған қыз бар дауысымен «Тоқтатыңдар болды!» деп айғайға салғанымен, еш пайдасы болмады.
Әлеуметтік желі қолданушылары соққыға жығылған қыз бен аяусыз ұрып-соққан қыздарды өз бетінше анықтауға тырысты.
Шолушы: Назерке Лабихан