Ұлыбритания соты мүгедек қыздың анасына өз қызын өлтіруге рұқсат берді (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710104024542_small.jpg

Ұлыбританияның  Жоғары сотында бұрын-соңды болмаған үкім шыққан. Сот шешімі бойынша, анасына 12 жастағы Нэнси есімді қызын өлтіруге рұқсат берді. Аталған оқиға 2014 жылы 11 сәуірде болған. 

Нэнси зағип болып дүниеге келген. Сонымен бірге ол басқа да түрлі ауруларға шалдыққан көрінеді. 12 жастағы қыз өздігімен ештеңе істей алмай қатты қиналған екен. Осы қиналғанын көрген ана оның мәңгілікке ұйқыға кеткені дұрыс деп ойлаған. Себебі онсызда 12 жыл бойы азапты күндерді өткізген қызы одан әрі де қиналғанын көргісі келмейтінін жеткізген. 

Нэнси ештеңе істей алмағаны үшін қайтты күйінетін көрінеді. Соттың шешімінен кейін Нэнсиге ешқандай тамақ та, су да берілмеді. Ол біраз уақыттан кейін қайтыс болады.

Аталған оқиғадан кейін Нэнсидің анасын жақтаушылар да, даттаушылар да табылды. Нэнсидің анасы үшін бұл шешімді қабылдау оңайға соқпағанын айтады. 

 

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар