Қытайлық CRRC компаниясы рельсттерсіз жүретін трамвайды халыққа көрсетті. Аталмыш жаңа қалалық көлік автобус пен трамвайдың функциясын атқарады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі
Трамвайға бірнеше вагондарды қосуға болады. Трамвай 300 жолаушыға арналған, жылдамдығы сағатына 70 километр.Транспорттың іші жол белгілерін көрсететін сенсорлармен жабдықталған. Гибрид қаланың ішінде өзіне арналған арнайы жолдармен жүруді бастады.
Шолушы: Альмира АСЛАНОВА