10 баласын 5 күйеуінен туған әйел алдағы жоспарларымен бөлісті

/uploads/thumbnail/20170710104007917_small.jpg

Мэнди Коуи Британияда жәрдемақының патшайымы саналады. Жақында ол өзінің 50 немере қалайтынын мәлімдеді. 50 немересі болса мемлекет қаражатынан толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алады екен. Мэнди 49 жаста.  Бүгінде ол  10 баланың анасы. 10 баланы 5 күйеуінен туған.

Соңғы 30 жылдың көлемінде Коуи жәрдемақының есебінен өмір сүруде және өз балаларын да дәл солай өмір сүруге үгіттейді екен. Қазіргі таңда мемлекеттен жылына 34 мың доллар алып отырады. Оның 3 мың доллары денесінедеі татуировкаларына жұмсайды.

Мэнди өзінің тұңғышын 18 жасында босанған. Ал 10-шы баласын 36 жасында дүниеге әкелген. Күн сайын балаларына 50 немерелі болуды қалайтынын айтып отырады.

Бүгінде әйелдің 16 немересі бар. Британияның телеарналарынан Ұлыбританиядағы мемлекет бөлетін жәрдем ақымен өмір сүретін ең үлкен отбасы ретінде көрсетеді.

Мэнди өзінің 13 жастағы қызына өзін жақсы ұстаған кезде темекі сатып алып беретінін де жасырмады. Онымен қоса қызын спиртті ішімдіктен шектемейді екен.

Көпшіліктің пікірі әйелді ойландырмайды. Ол өзі дұрыс санаған дүниелермен айналысады. Жәрдемақыға өмір сүруінің бірден-бір себебі, балаларына көп көңіл бөлуі. Балаларын жоспарламағанын , олардың реті солай болып қалғанын айтты.

«Мен дәл қазір жылына алып отырған қаржыдан көбірек ақша табатын жұмыс таба алмасым анық. Адамдар мені сөгіп жатады, бірақ мүмкіндіктері болса менімен орын ауыстырушы еді» , -дейді Мэнди.

Үш бала анасымен бірге тұрады, жетеуі- бөлек. Қазір Мэнди өзінің мүгедек баласына қалай жәрдем ақша алуды ойластыруда.

Кристал есімді 24 жастағы қызы анасының жолын қуған. Күйеуімен некені бұзған және араларында бала да бар. Күйеуі екеуі әлі де бірге, бірақ бөлек үйде тұрады екен. «Егер біз қайта отбасын құратын болсақ кейбір қаржыдан қағыламыз. Ондай жағдайда біздің күнкөрісіміз төмендеп кетеді»,-деп мәлімдеді Кристал.

Британия басшылығы жылына 201 миллион доллар қаржыны 27 мың жарлы отбасыларға төлейді.

Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар