Бейтаныс әйел бассейндегі қыздың кетуін талап еткеннен кейін күтпеген жағдай болды

/uploads/thumbnail/20170710104054230_small.jpg

Кейбір адамдардың әдепсіздігі жаға ұстатады. Жөн-жосықсыз біреудің өміріне араласып, сұрақтармен мазалау да кейбір адамдардың әдетіне айналған.

Американдық Джейд Хьюгс 23 жаста. 17 жасында ол асқазан мен ішек құрылыстарының дертіне шалдыққандығы белгілі болды. Асқазан ауруы өмір сүруге мүмкіндік бермеген соң ол ішегінің бір бөлігін ота арқылы алып тастау керек болған. Содан бері Джейд өзімен бірге кішкене қапша ұстап жүруге мәжбүр. Ол қапшыққа  барлық тамақ қалдықтары барады. Сол арқылы ол өзінің өмірін бір қалыпта ұстайды.

«Бұл ота менің өмірімді толық өзгертіп жіберді. Енді мен қайда бармасам да өзіммен бірге қапшаны, майлық, орамал алып жүруім керк»-дейді қыз.

Бірде Джейд бассейнге шомылмақшы болған кезде қасына бейтаныс әйел келіп ішінен шығып тұрған қапты көріп қыздың кетуін сұраған. «Бассейнге осылай келуге болады деп ойлайсың ба? Балаларлы қорқытасың»-деген бөтен әйел. Тіпті ол құтқарушыларды шақырып  Джейдті алып кетуді сұраған. Алайда қуанышқа орай құтқарушы адам Джейдің жағдайына түсіністікпен қараған.

Суға түсерде Джейд қап көрінбейтіндей шомылу киімін киетін. Алайда сол кезде өзінің денесін жауып тұратын костюмі жуылып кеппей қалған екен.

Джейд: Әлгі әйел менің басымнан қандай жағдайлардың өткенін белмеді, түсіне де алмайды. Бұл қап менің өмірімді қалыпта ұстауға көмектеседі. Ағзама инфекцияның кіріп кетпеуін қадағалайды. Басқалардың мен туралы не ойлайтынына маған бәрібір»-дейді қыз.

Жақын арада Джейдке тағы да ота жасалмақшы. Осы орайда адамдардың қатігезденіп кетуі мен басқалар туралы ештеңеге көз жеткізбей жатып кіналауы бұрыс қасиет екенін айта кеткен жөн.

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар