Конгрессте болашақта нақты қандай қаржылық шектеулер қойылатыны туралы ақпарат әлі айтылмады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
«АҚШ-тың сыртқы істер бойынша Сенат Комитеті Ресейге салынатын жаңа санкцияларға қатысты заң жобасын жақын күндері ұсынады» деді комитет төрағасы Боб Коркер.
Бұған дейін сенатор, АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия бойынша Ресей мен Америка арасындағы сәтті келісімге қол жеткізгеннен кейін Ресейге қарсы жаңа қаржылық шектеулер қоятынын хабарлаған. Алайда нақты қандай шара қолданылатынын айтудан бас тартты.
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли АҚШ-тың антиресейлік санкциялары сақталынатынын және олар күшейе түсетінін айтқан.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет