«Біздің оразамыз 23 сағат 5 минутқа созылады»

/uploads/thumbnail/20170710104250263_small.jpg

Ұлыбритания газеті «The Independent» ораза ұстау қиынға соғатын елдерді атап көрсетті, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі muftyat.kz сілеме жасай отырып. Басылымның ақпараты бойынша, биылғы қасиетті айда шамамен 1,6 миллиард адам ораза ұстайды екен, бұл дегеніміз әлем халықтарының  22%.

Жаз айларында кейбір елдерде, соның ішінде Лапландияда, Финляндияда және Швецияда күн үнемі шығып тұруы мүмкін, кейде 1 сағатқа ғана күн ұясына батады екен. Аталмыш басылым Рамазан кезінде күн 55-ақ минутқа бататын солтүстік Финляндияда тұратын отбасымен әңгімелесіп қайтқан. 

«Біздің оразамыз таңғы 1:35-те басталып, түнгі 12:48-де бітеді. Осылайша, оразамыз 23 сағат 5 минутқа созылады. Менің Бангладеште тұратын достарым мен туыстарым біздің оразамыздың 20 сағаттан артық болатынына сене алмайды», - деді жанұя отағасы Мохаммед.

Дегенмен, оның айтуынша, көрші елдердегі мұсылмандар осындай жағдайларға бейімделіп алған. Мысалы, Лапландияда тұратын мұсылмандар өздеріне жақын орналасқан мұсылман елі – Түркияның ораза ұстау уақытымен жүреді екен. 

Шолушы: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар