Әкелерінің көлігінде отырған екі бала тірідей жанып кеткен

/uploads/thumbnail/20170710104304567_small.jpg

Қайғылы жағдай Новосибирск ауданындағы Новокурупкаевка ауылда сейсенбі күні орын алған, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 4 жасар ұл бала мен 2 жастағы қыз бала қолдарына сіріңке ұстап, аулада тұрған әкелерінің ВАЗ-2106 автомобиліне кірген.

Салонда отырып сіріңкемен ойнамақ болған балалар әлгі сіріңкені жаға бергенде, көлік өртке оранған. Көліктен шыға алмаған балалар ішінде қалып қойып, қаза табады.

Дәл осы уақытта екі баланың әкесі 9 айлық сәбимен үй ішінде болған, ал анасы шаруаларымен сыртқа шығып кеткен көрінеді.

Бүгінде екі баланың өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, автомобильдегі өрттің кесірінен болғаны анықталды. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар