Дені сау баланың ата-анасы атану үшін қытайлық ерлі - зайыптылар жаттығулар мен әртүрлі емдерді қабылдап 200 келіге арықтады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі
Қытайдың солтүстігінде орналасқан Чанчунь қаласының жұбайлары 2015 жылы арықтауға көмектесетін мамандарға жүгінген болатын. ЕлгеДэн Ян және Линь Юэ атты лақап атпен танылған отбасылардың бірі.
30 жастан асқан Дэн мен Линь артық салмақтан құтылуды бірге бастаған. Қытайдың дәстүрлі емдері, инемен емдеу және фитнес екеуінің тез арықтауына көмектескен. Арықтау процессінің ең өзектісі тұстарына еттен толықтай бас тарту мен диетадан көкөністерге, жеміс-жидектерге көшуді жатқызып отыр.


Ерлі-зайыптылар 2010 жылы пекиндік фитнес-клубтардың бірінде танысқан. Жұмысқа тұру үшін екеуі бірінші рет артық салмақтан арылмақшы болған екен. Танысудан кейін Дэн мен Линь фитнесті тастап, жоғары калорийлері бар тамақтарға көшкен. Нәтижесінде әрқайсысының салмағы 200 келіге дейін жеткен. Дэннэн белі – 160 сантиметр болса, Линьнің белі – 170 сантиметр болған.
Шолушы: Альмира АСЛАНОВА