Иран Парламентінде атыс болып жатыр

/uploads/thumbnail/20170710104327427_small.jpg

Иран Парламентінде атыс болды деп жазады Қамшы «Tasnim News Agency» ақпаратына сүйеніп.

Алдын ала ақпарат бойынша жараланғандар бар. Бейтаныс үш адам шабуыл жасаған.

Парламент ғимаратында кепілге алынған адамдар болуы мүмкін. Атыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ Теггерандағы Имама Хомейни мавзолейінде де атыс болып, жанкешті өзін жарып жіберген.

Еске салсақ жақында ғана Иранда президент сайлауы өтіп, Хасан Роухани қайтадан билікке келген еді.

Қатысты Мақалалар