Хикмет Салаев есімді кәсіпкерді өзінің серіктестері табытқа салып, тірідей жерге көміп тастаған.
Олар Хикмет Салаевтан 30 млн. рубль ақша талап еткен. Алайда ол бас тартқаннан кейін Хикметті Люберец зиратына алып барып ұялы телефонымен бірге көміп тастаған.
Табытта жатқан бойда Салаев өзінің інісі Исмаилға қоңырау шалып, көмек сұраған. Туысы келіп жерге көміп тастаған адамдарға 12 млн. рубль мен өзінің BMW-535 автокөлігін берген. Өздеріне қажетті соманы алғаннан кейін барып қылмыскерлер Хикметтің қайда жатқандығын айтқан.
Исмаил Салаев ағасын жерден қазып алып шығарып, дереу ауруханаға жеткізген. Белгілі болғандай, кәсіпкердің қабырғалары сынған екен.
Шолушы: Назерке Лабихан