Ресей Президенті Владимир Путин американдық режиссер Оливер Стоунмен сұхбаты барысында сүңгуір қайықта геймен бірге суға түсетін жағдайда өзін қалай ұстайтынын айтып берген. Путинмен әңгімелесу барысында режиссер гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын ресейлік заңдар туралы сөз қозғаған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Осы заңды дискриминация ретінде есептемей ме деген сұраққа Путин ешқандай жәбір көрсетілмейді деп жауап берген. Содан кейін режиссер Ресей президентінен егер сондай теріс орентациялы адаммен суға түсу керек болатын жағдайда өзін қалай ұстайтындығын сұраған. Оған Ресей президенті: Мен онымен бірге суға түспеуді жөн көретін едім. Жағдайды несіне ушықтырамын. Менің дзюдодан спорт мастері екенімді білесіз бе?-деп жауап берген.
Сұхбаттың толық нұсқасы Showtime телеарнасында 12-15 маусым күндері көрсетілетін болады.
Шолушы: Назерке МҰСА