Миссури штатының тұрғыны Трес Джонсонның жасы 13-те. Ол дүние есігін ашқанда дәрігерлер Трес ұзақ өмір сүрмейді деп ойлады. Оның әлі күнге дейін өмір сүріп жатқанын ғажайыпқа балайды. Оның ата-анасы Бренди мен Джошуа баласының өмірі үшін күресті бір сәтке де тоқтатпаған.
Трес Джонсонда бас сүйегі қайталануы бар.Трес бұл диагнозбен өмір сүріп жатқан жалғыз адам. Аталмыш ауруға шалдыққан 36 бала дүние есігін аша салысымен шетінеп кеткен.
«Трес осыдан кейін оңалмайтын шығар деп күдер үзген сәттеріміз өте көп болды. Тіпті санақтан жаңыламын. Жақында 13-ке толды. Алда бізді күнделікті күрес күтіп түр» дейді Трестің анасы Бренди.
SHH ақуызы бас сүйегінің қайталануына әкеліп соғады. Ол бас сүйегі мен бет әлпетінің қалыбын өзгертеді. Трес бетінің ортасындағы жарықпен, нормадан тыс бас пішінімен және когнитивтік іркіліспен дүниеге келген. Жиі ұстамасы ұстап қалады. Медициналық есірткіні пайдаланғаннан кейін ұстама күніне 400-ден 40-қа қысқарды. Треске бетінің жарылуын болдырмауы үшін бірнеше операция жасалған.
Трестің ата-анасы 13 жылда баласына қатысты жан шошырлық ұсыныстарды естіді. Оның ішінде Тресті өлтіру де бар. Алайда Бренди мен Джошуа баласын мақтан тұтатынын және оның сырт келбеті қандай екені қызықтырмайтынын айтады. Ауруына қарамастан бала отыра алады. Десек те, басындағы ісіктің кесірінен ойлау деңгейі өз жасына сай емес.
Шолушы: Сабина Рамазан