Иранда сұлу қыздарды кәсіби қанішер және халықаралық деңгейдегі тыңшы болуға үйретеді (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710104948351_small.jpeg

Ирандық қыздар ниндзя, тыңшы болу үшін арнайы жаттығулар жасайды екен. Арнайы  жекпе-жек өнері Иран елінде өте танымал болып келеді. Ирандық қыздар сырт көзге нәзік, әдемі болып көрінгенімен олардың ішінде  адамның дыбысын шығармастан өлтіре салатындары да бар. Олар көзге көрінбейтін кісі өлтіруші болуы үшін бірнеше жыл тер төгіп, дайындықтан өтуі керек.

Қыздарды дайындайтын арнайы ұйым 1989 жылы ашылған және ол жерде 4 мыңнан астам қыз-келіншектер дайындықтан өтеді. Олар биік қабырғадан секіруді, тауларда тығылуды, қарсыласының үнін шығармастан өлтіруді үйреніп, арнайы тәжірибеден өтеді. 

Ирандық қыздар бұл ұйымға өз еркімен келген. Олар мемлекетте соғыс болған жағдайда, кәсіби тыңшы ретінде қызмет ететін болады. 

Дайындаған: Әсел Өтешова

 

Қатысты Мақалалар