Үндістандық фермер ешкісін тамақтандырмағандықтан ашыққан жануар 62 мың рупий (962 доллар) болатын 31 қағаз ақшаны жеп қойған. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.
Сарвеш Кумар Пал Үндістанның Уттар-Прадеш штатының тұрғыны кірпіш сатып аламын деген ақшасын (66 мың рупий) шалбарының қалтасына салып қойған.
Ол суға түсіп жатқан кезде ешкісі ақшасын жеп қойған. Барлығы 62 мың рупий қағаз ақшасын шайнап тастаған.
Фермердің тек 2 мың рупий ғана қалған. Алайда оның өзі қолдануға жарамсыз болып қалған.