Мьянмада жоғалған әскери ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды

/uploads/thumbnail/20170710105350329_small.jpg

Мьянмада әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі AirLive мәліметіне сүйеніп. Естеріңізге сала кетсек, кеше маусымның 7-сі күні Мяньмада әскери ұшақ жоғалды деп хабарланған болатын.Бұл мәліметті әуежайдағылар мен Мяньманың әскер басшысы растады. 

Соңғы деректер бойынша, әуе кемесінің бортында 120 жолаушы болған. Оның 106-сы әскерилер мен отбасы мүшелері. Ал 14 жолаушы ұшақ экипажының қызметкерлері. Айта кетсек, ұшақта болған 120 жолаушының 15-і балалар. 

Ұшақ әскерилердің отбасыларымен елдің оңтүстігіндегі Мьей қаласынан шығып, Янгон шаһарына бет алған. Бірақ Андаман теңізінің үстінде байланыс үзілген. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстарына 6 кеме және 3 ұшақ жұмылдырылған.

Аударған: Айгерім Таубай
 

Қатысты Мақалалар