Дәурен Абаев «100 жаңа тұлға» жобасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады

/uploads/thumbnail/20170710105400512_small.JPG

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «100 жаңа тұлға»  жобасы бойынша өтінім қабылдау басталғаны туралы хабарлады.

«Қоғамда «100 жаңа тұлға» жобасы қалай жүзеге асырылатыны қызу талқыға түсіп жатыр. Жұмыс тобының тең төрағасы ретінде осы мәселе жөнінде түсінік беріп өткім келеді. Біз үміткерлер тізімін жасау үшін барлық алаңдар, құралдар мен дереккөздерді пайдалануға ниеттіміз», - деп жазды  өзінің Фейсбуктағы парақшасында министр.

El.kz интернет-порталы базасындағы 100esim.el.kz сайтында өтінім қабылдау басталған. Біреулердің өмір жолы, жетістігі сізге ерекше көрінсе немесе сіз өзіңіз осыған лайықты болсаңыз, онда сіздің  жобаға қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін 100esim.el.kz сайтына кіріп, өтінімді толтыру қажет.

Министрлік бұдан басқа пікірі қоғамның сеніміне ие болған спорттан  бастап ғылымға дейінгі әр саладағы елдің сарапшылары, еңбек сіңірген қайраткерлерімен белсенді жұмыс жүргізу жоспарлаған.

Қатысты Мақалалар