АҚШ-тың Мэриленд штатының полицейлері 5 маусым күні автокөлік ішінде оқ атып өлтірілген 18 жастағы мектеп оқушысы Ресей азаматы екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. Артем Зиберовтың Ресей азаматы екенін АҚШ-тағы ресейлік елшілік мәлімдеген.
2017 жылы 7 маусымда Fox Baltimore арнасы екі мектеп оқушысының 17 жастағы Ади Наджар мен 18 жастағы Артем Зиберов өлтірілді деп хабарланған. Арнаның мәліметінше, олар бітіру кешінің қарсаңында өлтірілген.
Жергілікті полиция мәліметінше, екі жеткіншек көлік ішінен шықпаған. Олардың көлік салонында атып кеткен. Полицейлер күдіктілерді таба алмаған. Құқық қорғау органдары қылмыскерді табу мақсатында мәлімет бере алатындар үшін 10,000 доллар сыйақы тағайындаған.
Шолушы: Назерке МҰСА