Қазақстанға келген Джеки Чан сыйлықтарға қарық болды (ФОТО,ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710105436435_small.jpg

Әлемге әйгілі Джеки Чанның Астанаға келгені хабарланған болатын.  2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. Джеки Чан  осы шараға қатысу үшін келіп отыр. Қазақстандағы Қытай кинофестивалінің ашылу салтанатына Қазақ саханасының төрінде жүрген айтулы тұлғалар қатысып, Джеки Чанға түрлі тартулар жасады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Атап айтсақ, «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы АҚ ұжымы атынан  Ерлан Карин қазақы нақыштағы белдік пен құлақшын сыйға тартты. Видео тележүргізуші Динара Сатжанның Instagram парақшасында жарияланды. Джеки Чан Ерлан Кариннің қолын алып, алғысын білдірді. 

Тележүргізуші Динара Сатжан әйгілі актермен вальс билеп, желі қолданушыларының назарын өзіне қаратты. 

Ал белгілі продюсер  Қыдырәлі Болманов Джеки Чанға қазақтың қасиетті қара домбырасын сыйға тартты. 

Әлеуметтік желіде танымал тұлғалардың Джеки Чанмен түскен суреттері көптеп тарауда. Олардың қатарында Л.Сұлтанқызы, Н.Қоянбаев, Қ.Болманов, Д.Сатжан , Ирина Тен, Дәулет Бижанов,т.б бар. 

Желі қолданушылары Джеки Чанды көру үшін Астана қаласына барғылары келетінін жазып, ыстық ықыластарын білдіруде. 

Дайындаған: Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар