Әкелерімен көбірек уақыт өткізетін балалардың интеллектісі жоғары болатыны дәлелденді

/uploads/thumbnail/20170710105811705_small.jpg

Ғалымдар 128 әкелерге тәжірибе жасаған. Олардың жүріс-тұрысы мен мінез-құлқын 1 жыл бойы зерттеген. Балаларының тәрбиесіне қатысатын әкелер бала интеллектінің дамуына жақсы әсер ететіні белгілі болды. Бұл зерттеуді Лондондағы колледждердің бірі жүзеге асырған.

Колледж профессоры Пол Рамчандани «Бұл жұмысбасты әкелер үшін сын. Ақша табудан бөлек, балаларыңыздың тәрбиесіне де көңіл бөліңіздер»-дейді.

Балалы 128 әкеге зерттеу жүргізу нәтижесінде, әкелердің балаларын ойнатуын, кітап оқып беруін қадағалаған. Содан кейін балалардың даму қабілетіне зерттеу жүргізілген.

Әкелердің балаларымен қаншалықты көп уақыт өткізгені олардың ойлау қабілеті мен санасының өзгеруі мен қабылдауына ерекше әсер етеді екен. Демек, бұл өз кезегінде әкенің балаларына деген қамқорлығы мен тәрбиесінің маңыздылығын көрсетеді. Сонымен бірге әкелерінің мінездері салмақты балалардың интеллекті әкелері ашушаңдарға қарағанда жоғары болады екен. Ер адамның интеллектісі жоғары болған сайын оның баласының аутизм ауруына шалдығу мүмкіндігі де көбейеді екен. 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар