Иоанна Боско есімді шіркеу қызметкері 1888 жылы қайтыс болған. Ол өз уақытында ата-ананың қарауынсыз қалған балалар мен кедей-кепшікке көмектескен. Иоаннаны Италияда ерекше құрметтейді. Оның атында бірнеше мектеп пен көше бар. Шіркеу қызметкерінің миын Италия шіркеуінен ұрлап кеткен.
Полиция, ұрылар ми үшін ақша талап етуі мүмкін екенін немесе діни жоралғыларға қолданады деп қорқады. Бұл шіркеудегі бірінші ұрлық емес. Бұған дейін Рим папасының қаны құйылған ыдысты ұрлап кеткен.
Шолушы: Сабина Рамазан