Лондондық террорист гимнастикадан балалар жаттықтырушысы болған

/uploads/thumbnail/20170710105917616_small.jpg

Гимнастикалық клуб қызметкерлері әлгі террористің балалардың миын улап тастамады ма екен деп уайымдап отыр.

Сенбіден жексенбіге қараған түні Лондаонда орын алған терактіні ұйымдастырушылардың бірі Йосеф Загба 2016 жылдан бері гимнастикалық клубта балаларды жаттықтырған екен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік The Sun басылымына сілтеме жасап.

Загба Даганхамедегі Catleaps Gymnastics спорт клубында жұмыс істеген. БАҚ-тың мәліметінше, жұмысқа ешқандай да тексерусіз алынған. Клуб қызметкерлері Загбаның осы жылдың ақпан айынан бастап жұмысқа мүлдем келмегенін айтты.

«Біз уайымдап отырмыз. Ол балаларымыздың миын улап кетуі мүмкін ғой. Біз одан да зорын істей алатын едік» дейді клуб қызметкері.

Еске сала кетейік, 4 маусым күні Лондондағы көпір мен Боро сауда орталығының маңында орын алған терактінің салдарынан 7 адам қаза тапқан. Терактіні ұйымдастырушылардың қатарында Йосеф Загба, Пәкістан тумалары Гурам Шазад Батт пен Рашид Редуан болды. Террористердің бәрі сол түні-ақ құрықталған.
 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар