Бача-бази: Ауғанстандағы ұл балалар арасындағы жезөкшелік

/uploads/thumbnail/20170710105858580_small.jpg

Бача-бази парсы тілінен аударғанда баламен ойнау немесе балалардың ойыны деген мағынаны білдіреді. Бұл ауған елінің ең сүйікті «ойындарының» бірі.  11 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге әйелдің киімін кигізіп, ерлер қауымының алдында билеуге мәжбүрлейді. Бала үшін көп ақша берген еркек онымен бір түн өткізеді. Түскен ақшаның кішкене бөлігін балаға береді.

Мұндай азғындардың құрбандары көбіне ата-анасы жоқ, көшеде қайыр сұрап жүрген балалар болады.

Қалталы ауғандықтар бача-бази балаларды өзімін бірге алып жүреді. Осылайша өзінің жоғары мансабын көрсеткісі келеді екен.

Балалардың өзі мұндай кәсіпті әрқалай қабылдайды. Ішінде беделді адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату арқылы жетістікке жетудің жолы деп білетіндері де бар екен. Қалталы адамдар бача-бази баланы жұмысқа орналастырып, кейде оқытқан кездері де  болған. Алайда аталмыш балалардың көбі бала кезінен психологиялық тұрғыда ауыр соққы алғандықтан, өмірлері туралы мұндай ақпаратты жарияламауды қалайды. Ауғанстанда бача-бази балаларды өлтіріп тастаған сәттер өте көп болған.

Ауғанстан заңы бача-базиға тыйым салған. Халық мұның үлкен қылмыс екенін айтып, полицейлерден бұл бассыздықты тоқтатуын сұрайды. Алайда заң көп жағдайда орындала бермейді.

 

Шолушы: Сабина Рамазан 

Қатысты Мақалалар