Қатігез әке 10 жастағы қызын 4 мың долларға бағалап отыр

/uploads/thumbnail/20170710110242321_small.jpg

Йеменде қарулы қақтығыстар мен халықтың тұрмысы нашарлауы салдарынан кәмелет жасқа толмаған қыздарды үлкен жастағы ер адамдарға тұрмысқа беру күшейіп кеткен. Маляк есімді 10 жастағы қыз 70 жастағы  кәрі шалмен атастырылып қойған. Алайда анасының шарқ ұрып көмек сұрауымен «Йемен әйелдер кеңесі» ұйымы қызды жасырып ұстап отыр.

- «Мен қызымның ерте  тұрмыс құруына қарсымын. Ол әлі бала, ол мектепке баруы керек, білім алуы керек, оның жасы небәрі 10-да. Ол әлі күйеу , жігіт дегеннің кім екенін де білмейді. Ол аман қалмас еді. Әкесі ақкөңіл мұсылман болып көрінгісі келгенмен, оған тек ақша керек. Міне 2 жыл болды Маляк мектепке бармай отыр. Әкесі ұстап алып, тұрмысқа күштеп шығарады ма деп қорқамыз», -деп мәлімдеді Маляктың анасы Насрин.

Ең қорқыныштысы, 70 жастағы ер адам Маляктың атасымен жасты. Егер осы неке қиылар болса, қыздың әкесі 4 мың доллар алады. Ал бұл қаржы Йеменнің кедей халқы үшін үлкен ақша. Осы істің жалғасы не боларын білмеген ана мен қыз бүгінде белсенділердің қол астында жасырынуда.

Йемендегі соғыс салдарынан елдегі 18 жасқа толмаған қыздардың 72 %-ы тұрмыста. Ал 15 жасқа толмаған қыздардың 44 %-ы егде жастағы ер адамдарға тұрмысқа шығуға мәжбүр болған.  Тағы бір айта кететін жайт,қыздардың аналары күйеулерінің айтқанына шыға алмай амалсыз келісіп отыр.

Йемен- Оңтүстік-Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Халықтың 99 %-ы мұсылмандар.

Елде әкелері өз қыздарын саудаға салып, қатігездікке баруда. Йеменде орын алған  8 жастағы қыздың өлімі әлем талқысына түскен болатын. Айта кетсек, 8 жастағы қыз 40 жастағы ер адамға тұрмысқа шығып, алғашқы неке түнінде көз жұмған. 

Дайындаған: Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар